Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Қазсушар» мекемесінің Атырау облыстық филиалы мен жергілікті әкімдік бірлесіп су тасқынына дайындық аясында қосымша 14,5 шақырым канал қазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, тереңдігі 2 метр, ені 7 метрден асатын канал Атырау қаласы арқылы өтетін судың көлемін азайту мақсатында қазылуда. Осылайша Жайықтан келген су қосымша канал арқылы Каспий теңізіне құяды.
Атырау облысына келген суды Қазсушарға қарасты негізгі 4 канал: Соколок, Сарыөзек, Бақсай және Нарын қабылдап, теңізге қарай өткізеді. Мұнда Ресейдің Сақмар өзені мен Ириклі су қоймасынан келетін суды қабылдау үшін қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр, - делінген мәліметте.
Бұл су сәуір айының соңы немесе мамырдың басында келеді деп болжанып отыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары