23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Атырау облысындағы аудандарда Жайық өзенінің деңгейі төмендеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Күні бүгінге дейін көктемгі өр суы Ақжайық ауылына көп көлемде келген болса, бүгінде су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Бұдан бөлек Аққайың және Талдыкөл ауылдарында жағдай тұрақты.
Қазір Талдыкөл ауылын тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығымен қатынас үзілмеу үшін автокөлік жолдарын тасқын шаюдың алдын алу жұмыстары атқарылуда. Ауыл айнала бөгетпен қоршалған.
Ауданымызда 60 тан астам шаруа-қожалық су астында қалды. Қазір шаруагерлер тарапынан тасқыннан зардап шеккені туралы өтініштер келіп, оны заң аясында тиісті мамандармен бірге қараймыз. Бір қуанарлығы аудан бойынша ешқандай тұрғын үй суға кеткен жоқ, - деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.
Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрады. Жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын бөгет тұрғызылды. Бөгет нығайту жұмыстарына 800 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген. 217 бірлік арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік