10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБатыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
БҚО төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш еріген қар суынан келетін қауіп жоқ екенін айтты.
Қазіргі кезде Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі басты назарда. Су деңгейін есептеу үшін Орал қаласында арнайы 6 пост құрылған. Күнделікті бақылау, мониторинг жүргізіледі. Өткен тәулікте Жайық өзенінің су деңгейінің биіктігі 2 см көтерілді. Қазіргі уақытта Орал қаласы мен облыстың 7 ауданында Жайық өзенінің жағалауында орналасқан тұрғындарды уақытынан бұрын эвакуациялау, құлақтандыру, үйлерді аралау жұмыстары жалғасуда, - деді ол ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Айта кетейік, өңірде орын алған су басуға байланысты 1 сәуірден бері БҚО-да Орал қаласында және 4 ауданда ТЖ жарияланған болатын. Бұл ТЖ әлі алынған жоқ, өйткені су тасқынынан төнген қауіп әлі сейілген жоқ.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді