Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде екі катер сосоқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған.
Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген, - делінген баспасөз хабарламасында.
Зардап шеккендердің арасында 5 ересек адам бар. Ал кәмелетке толмаған 4 бала облыстық балалар ауруханасына түскен.
Полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар