Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАтырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен Жайық өзені жағалауын санитарлық тазалау мәселесі туралы жедел штаб отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кеңесте Жайық өзенінің бетон жағалауы бойындағы қапшықтарды жинау мәселесі қаралды. Жасұлан Бисембиев жағалаудағы аумақтарда су басу қаупі сейілгенін, жағаны қорғаныс құрылыстарынан тазарту міндеті тұрғанын атап өтті.
Өзен жағасындағы бетон бөгеттің бойына құм салынған қапшықтар қойылған жерлерді тазартуымыз керек. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша жағалау 16 учаскеге бөлініп, әр учаскеге жауапты тұлға және ведомстволық бағынысты ұйымдар бекітілді. Бұл тәжірибе тиімділігін көрсетті. Жалпы осы бағытта қала әкімдігі тарапынан жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен, уақытты тиімді пайдаланып, жұмысты сапалы жүргізуге бірлесе атсалысуымыз керек. Негізгі міндет – жағалаудағы қаптарды алып, аумақты тазалау. Жұмыс бір апта ішінде аяқталуы тиіс, - деп қорытындылады Жасұлан Бисембиев.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?