28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында өткен баспасөз конференциясында мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының ерекшеліктеріне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрдің айтуынша, бұл жоба – еліміздегі орта білім сапасын жүйелі түрде арттыруды көздейтін стратегиялық бастама. Мемлекет басшысы ұсынған жаңа үлгідегі мектеп моделі – біртұтас білім беру кеңістігін қалыптастыру арқылы заманауи стандарттарға сай оқыту жүйесін енгізуді көздейді.
Жоба қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған. Мұндағы басты мақсат – элиталық мектептер салу емес, керісінше, сапалы білім берудің жоғары стандарттарын жаппай енгізу. Бұл әрбір балаға өзінің ішкі әлеуетін толық ашуға және жан-жақты дамуына мүмкіндік береді, – деді Ғани Бейсембаев.
Министр мектептердің басты артықшылығы – оқушылардың қажеттіліктеріне толық сай келетін ыңғайлы әрі эргономикалық орта қалыптастыру екенін атап өтті. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде қауіпсіздік те басты назарда. Заманауи бейнебақылау жүйелері, кіруді бақылау құралдары, бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған жеке блоктар оқушыларға барынша жайлы білім алу ортасын ұсынады.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?