Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Семейде жаяу жүргінші қағып, оқиға орнынан ізін суытқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Абай облыстық ПД мәліметінше, Қаржаубайұлы көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 31 жастағы жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.
Ол әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері көлік корпусының сынықтарын тауып, сол арқылы қашып кеткен автомашинаны анықтады. Ол облыс орталығының 20 жастағы тұрғынына тиесілі Toyota Estima болып шықты.
Жаяу жүргіншіні қағып кету бойынша тергеу полиция департаментінің ерекше бақылауында. Жүргізуші жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткені үшін жауапқа тартылды. Автокөлік сол күні арнайы автотұраққа орналастырылды, - деп атап өтті Абай облысы ПД бастығы Бектөре Сұлтан.
Дене жарақатын алу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама жүргізіледі. Бұл факт ерекше бақылауға алынды.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік