Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚорғаныс министрінің бұйрығымен Қазақстан Қарулы күштерінің кәсіби мерекелерінің тізбесіне жауынгерлік даярлық маманы күні енгізілді. Кәсіби мереке 14 тамызда атап өтіледі деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, армияның жауынгерлік әлеуетін нығайту ісіндегі осы қызмет бағытының маңыздылығын ескере отырып, 1992 жылдың 14 тамызында Қорғаныс министрінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары – ҚР Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы лауазымы бекітілді. Оған генерал-майор Юрий Құрматов тағайындалған болатын.
Жауынгерлік даярлық үдерісін орталықтандырып басқару – әскерлердің жауынгерлік жоғары деңгейде машықтанудың және олардың жауынгерлік әзірлігін арттырудың міндетті ережесі.
Қарулы күштердегі жауынгерлік даярлық органдарының командирлері мен мамандарының күнделікті қажырлы еңбегінің арқасында оқу процестері үнемі жетілдіріліп отырады. Сондай-ақ өткізілетін іс-шаралардың қарқындылығы мен ауқымы артып келеді. Олардың барлығы әскерлерді ұрысқа қажет нәрсеге үйрету қағидатына бағынады.
Оқи отырыңыз:
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары