Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБүгін Jibek Joly телеарнасында «Жауынгер жазбасы» атты деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туынды Екінші дүниежүзілік соғыстың шынайы көріністерін бір жауынгердің жеке күнделігі арқылы баяндайды.
Фильмнің негізіне Қайыржан Мұхтаровтың соғыс жылдарында қазақ тілінде жазған күнделігі алынған. Ол 1914 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой ауылында дүниеге келген. Соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры болып қызмет атқарды. 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп өсірді.
Күнделік — Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақ тіліндегі сирек кездесетін жазбаша куәсі. Онда майдан шындығы, жауынгердің ішкі жан толғаныстары мен күнделікті өмірі шынайы сипатталады. Бұл жазбаның тарихи құндылығы жоғары, сол кезеңдегі оқиғаларды тікелей куәгердің көзімен жеткізеді.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс