Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Қазгидромет» 3 наурызда еліміздің жеті өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел соғады, облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Шымкентте кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман күтіледі.
Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары