Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматы облысындағы Жауғашты әйелдер колониясында балалардың жаппай улануы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы ресми түрде мәлімдеді.
26 наурыз күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары, арнайы прокурор, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі мен ҚАЖД өкілдері қатысуымен мекемеге тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 14 баланың ауруға шалдыққаны туралы ақпарат расталмаған.
Алайда, 22-23 наурыз аралығында үш бала Іле аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне «энтеровирустық инфекция, 0-1 дәрежелі сусыздану» диагнозымен жеткізілгені анықталды.
Балалардың жағдайы – орташа ауырлықта, оң динамика байқалады. Бір бала бастапқыда жансақтау бөлімінде болды, кейін жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды. Қазір екі бала анасымен бірге жұқпалы бөлімде, біреуі – анасын емдеу кезінде оған күтім жасап жатқан мейіргердің бақылауында, – делінген денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында.
Сондай-ақ дәрігерлер балалар үйінде барлық бала толық медициналық тексерістен өткенін, тексеру кезінде энтеровирустық инфекция белгілері анықталмағанын мәлімдеді.
Барлық балалар дәрігерлердің қатаң бақылауында, – деп нақтылады басқарма өкілдері.
Қазіргі уақытта балалар үйінде 63 сотталған әйел өз балаларымен бірге тұрып жатыр. Оның ішінде 14 бала – еңбектеп жүретін топта.
Еске салайық, бұған дейін айналымдағы ақпараттарды белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен болатын. Ол Жаугашты әйелдер колониясында балалардың жаппай уланғаны және аналарының оларға жіберілмегені туралы хабарлаған еді. Бұл жағдайға кейін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова пікір білдірді.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова