Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары2020 жылдан бастап спорттық бағыттағы педагог қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсіп отырды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, бұл өсім 2024 жылға қарай 100%-ға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылдан бастап дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің – жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар және т.б. мамандардың – базалық еңбекақысы да 4 жылдық кезең ішінде тұрақты өсіп келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетті.
Бұдан бөлек, жаттықтырушы-педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға ынталандыру мақсатында қосымша үстемақы енгізу жұмысы басталды. Атап айтқанда, ұлттық стандарттарға сай оқу-жаттығу процесін жүргізіп, арнайы біліктілік тестінен өткен жаттықтырушыларға 2026 жылдан бастап ай сайынғы лауазымдық жалақысының 30%-ы көлемінде қосымша ақы төлеу көзделуде, - делінген мәліметте.
Осылайша, елімізде спорт саласында қызмет етіп жүрген мамандардың мәртебесін арттыру, еңбекақысын кезең-кезеңімен көтеру және олардың кәсіби дамуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады