23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСенат депутаты Бибігүл Жексенбай ақпараттық қауіпсіздік туралы айтып, цифрлық хабар тарату теледидарын енгізу мәселелері туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда тіркелген 83 телерадиокомпанияның 21-і республикалық деңгейде, ал оның тек 15-і мультиплекске тегін еніп, хабар таратады. Ал қазақстандық көрерменге ұсынылған шетелдік телеарналар саны 300-ге жуықтаған. Жоспар бойынша 2015 жылы бүкіл ел аумағы «цифрмен» қамтылуы керек еді, бірақ жоба 10 жылға ұзартылды.
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда сырттан ағылған ақпараттық насихаттық инъекциялардың күшеюі назар аудартады. Әсіресе шекаралық аймақтардың тұрғындары үшін шетелдік ақпарат көзі үйреншікті болған. Өңірлік ,әсіресе шекаралық аумақтағы жекеменшік телеарналар одан әрі орын ала алмайды. Себебі бағасы удай қымбат. Яғни жекеменшік арналардың дамуына, отандық контенттің көбеюіне өзіміз кедергі жасап отырмыз. Республикалық телеарналарға балама іздеген көрермен Қазақстанмен шекаралас елдердің телеарналарына телміріп, жат елдің идеологиясын санасына сіңіруде, – деді сенатор.
Сондай-ақ депутат ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне дұрыстап назар аударатын кез келгенін айтты. Қазір цифрлық эфирлік теледидар Қазақстан халқының 92,66 пайызына қолжетімді екен.
Алайда еліміз цифрлық хабар таратуға көшкенімен, өңірлердегі жекеменшік телеарналар бұрынғы бейшара күйінде қалып отыр. Ақпарат тарататын телеарна дамымаса, идеология да болмайды. Идеология дегеніміз тек Астана, Алматыда ғана емес, күллі өңірлерде жүргізілуі тиіс, – деп атап өтті Бибігүл Жексенбай.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады