Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсАстанада елордалық жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткен «Студенттік қалқан-2026» жобасының жеңімпаздары анықталды.
6 қазанда өткен әлеуметтік-мәдени жобаға елордадағы 15-ке жуық жоғары оқу орнының студенттері қатысты. Олар жат ағымдардың зардабы, ұлттық тәрбие, дәстүрлі құндылықтар мен зайырлылық тақырыптарын театрландырылған қойылымдар арқылы көтерді.
Жоба Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Іс-шара барысында басқарма басшысы Самат Ибраев жобаның тек құқық бұзушылықтың алдын алумен шектелмейтінін атап өтті.
Астана қаласының әкімдігі жастарға, әсіресе студенттерге әрдайым ерекше көңіл бөледі. Биыл елордада алғаш рет осындай ауқымды жобаны ұйымдастырып отырмыз. «Студенттік қалқан», менің ойымша, жастар үшін өте пайдалы, өзекті әрі маңызды бастама болмақ. «Студенттік қалқан» – «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттайтын, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған жоба ғана емес. Бұл – шығармашылықтың, достық пен бірліктің алаңы, – деді Самат Ибраев.
Байқау қорытындысында Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері III орын алды. II орын Амангелді Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына бұйырса, бас жүлдені Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері жеңіп алды.
Қатысушылардың өнерін теология, мәдениет және медиа саласының мамандары бағалады. Қазылар алқасының құрамында QAZAQ Inclusive Theatre көркемдік жетекшісі, халықаралық байқаулардың лауреаты Марина Тәңірберген, театртанушы әрі драматург Бахтияр Тұрсын, документалист, журналист Серік Жолдасбай, Астана қаласы Діндерді зерттеу орталығының менеджері Али Сейдулла және теолог Серікжан Еншібайұлы болды.
Жоба театр сахнасымен ғана шектелген жоқ. Студенттер дайындаған әлеуметтік бейнероликтер де көрермен назарына ұсынылды. Бұл аталымдағы жеңімпаздар әлеуметтік желідегі қаралым көрсеткіші бойынша анықталады.
Іс-шара соңында «JASSTARS» тобы өнер көрсетіп, қатысушылар мен көрермендерге концерттік бағдарлама ұсынды.
«Студенттік қалқан» жобасы арқылы ұйымдастырушылар жастарға күрделі әлеуметтік мәселелерді дайын насихат түрінде ұсынбай, оларды шығармашылық арқылы талқылауға мүмкіндік беруді көздейді. Студенттердің сахнада көтерген тақырыптары деструктивті діни ағымдардың ықпалынан бастап, ұлттық құндылықтар мен зайырлылық қағидаттарына дейінгі мәселелерді қамтыды.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды