Алматы облысында республикалық «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының XXII маусымының салтанатты ашылуы өтті.
Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген белсенді жастар, мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Маусымның ашылуы аясында қатысушылар 100-ден астам көшет отырғызып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды насихаттайтын экологиялық акцияға атсалысты.
Биыл «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысына 34 мыңнан астам адамды тарту жоспарланып отыр. Жоба дәстүрлі түрде жастарды еңбекке баулуға, экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға үндейді.
Жастар еңбек жасақтарына жұмысқа орналасу бойынша ақпаратты әрбір өңірде орналасқан жастар ресурстық орталықтарынан білуге болады.
Жоба қашан басталды?
«Жасыл ел» жастар 2005 жылы басталды. Бағдарлама арқылы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар уақытша жұмыспен қамтиды. Олар құрылыс нысандарында, «жасыл белдеуде», әлеуметтік және білім беру мекемелері аумағында, саябақтар мен көгалдандыру жұмысына тартылады.
Жобаның мақсаты – ел аумағын көгаландыру, студенттер және жұмыссыз жастарды маусымдық жұмыспен қамтамасыз ету. Орман алқабын көбейтіп, еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту. Әрине, жастарды туған жерін сүюге, қадірлеуге, патриотизмді қалыптастыру және туған жерінің байлығына ұқыпты қарау, экологиялық жобаларды жүзеге асыра отырып, халықтың барлық топтарының өкілдерінің бос уақытын қызықты өлізуін ұйымдастыру.
Жалақы мөлшері
Иә, жобаға оқушылар да қатысады. Оқушылар мектеп аумағында жұмыс істеуге құқылы. Жұмыс тәртібі таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін. Өйткені Еңбек кодексіне сәйкес, кәмелетке толмаған балалар күніне 4 сағат, аптасына 5 күн жұмыс істей алады. Жұмыс істейтіндерге 85 000 теңге мөлшерінде жалақы мен арнайы форма беріледі.
Ал ересек жастар қаладағы саябақтар мен гүлзарларда еңбек ете алады. 16 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға айына 127 500 теңге табуға мүмкіндік бар. Ескере кетерлігі, әр облыс пен ауданға қарай жалақы өзгеруі мүмкін. мысалы, Павлодар облысында жоба аясында жастар 77500 теңге жалақы алады. Оның 42500 теңгесі мердігер ұйымдар тарапынан төленсе, 35 мың теңгесі «Жасыл ел» бағдарламасы арқылы беріледі.
2024 жылы елордада «Жасыл ел» бағдарламасымен 4 000 бала қамтылса, 2025 жылы – 5 200 бала, биыл бірақ сұраныстың артуына байланысты биыл 5 200 жұмыс орны қарастырылды. «Жасыл ел» еңбек маусымы 31 тамызға дейін жалғасады. Жауапты мамандардың айтуынша, жастарды қабылдайтын кезде толық емес немесе аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға басымдық беріледі.
Қалай өтінім береміз?
«Жасыл ел» еңбек жасағына қабылдану үшін мынадай құжаттар керек: