Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіКөпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады. Өтінім 15-24 наурыз аралығында қабылданады. Бір адамға 20 көшетке дейін беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Акцияға қатысушылар үш жыл бойы егілген талдарды күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды.
Қатысу үшін:
Аты-жөніңіз, телефон нөміріңіз және тал егетін орынның нақты мекенжайы.
Тал егілетін орынның фотосы. Панорамалық форматта болғаны жөн.
Сұралған көшеттің түрі мен саны.
Бұл деректерді Jasyl.aula.almaty@gmail.com электронды поштасына жіберу керек.
Көшеттер 1, 2 және 9, 10 сәуір күндері таратылады. Мекенжайы: Әуезов ауданы, Юрий Ким көшесі, 9 үй («Eco Almaty» ЖШС). Егілген соң жоғарыда көрсетілген электронды мекенжайға фото есеп жолдау қажет.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады