Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Жасыл аула» науқанының күзгі маусымында қала тұрғындары күл, тал, катальпа және гибискус көшеттерін тегін алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, акцияға қатысу мүмкіндігі мегаполистің әрбір тұрғынында болды. Алайда көшеттер жалпы пайдаланылатын учаскелерге және көпқабатты үйлердің аулаларына ғана таратылады. ЖТҮҚ жеке секторларға және бау-бақша серіктестіктеріне, сондай-ақ заңды тұлғалардың аумағында көшеттерді отырғызу және тарату көзделмеген.
Ал өтінімдер 20 қыркүйектен 4 қазанға дейін қабылданды. Нәтижесінде 200-ге жуық өтінім түсіп, оның ішінде 70-і мақұлданды.
Бұл акция үш жылдан бері жалғасуда. Жыл сайын көпқабатты үйлердің аулаларын және басқа да жалпы пайдаланылатын аумақтарды көгалдандыруға ниет білдірушілердің саны артып келеді. Акция шарттары бойынша қатысушылар арасында бір адамға 20 данадан артық көшет бөлінбейді. Сұраныстарына байланысты, көшет саны әркімде әр түрлі, - деп хабарлады Алматы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасы жасыл қорды басқару және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрлан Құттыбаев.
Қатысушылар арасында Наурызбай және Бостандық аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Оның арасында бірнеше рет қатысқан тұрғындар бар.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары