Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыМәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Елтаңбаны өзгерту керек деген пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс кулуарында журналистер депутаттан «соңғы кездері «Жаңа адамдар» деген жастардың сауалнамасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Олардың айтуынша, 500 адамдық сауалнама жүргізген. «Соның 70 пайызы Елтаңбаны білмейді екен, демек оны өзгертуіміз керек» деген ұсыныс тастап жатыр. Елтаңбаны өзгерту мәселесіне қатысты қалай қарайсыз?» деп сұрады.
Депутат бұл сауалнамадан хабардар екенін жеткізді.
Жастардың мемлекетіміздің үлкен бойтұмары – Елтаңбаны танымауы қабырғамызға бататын жағдай. Елтаңбаны өзгерту керек деген мәселеге өз басым қосылмаймын. Өйткені бұл әбден сарапталып, айқындалған мемлекетіміздің Елтаңбасы. Сондықтан да оны өзгертудің қажеті жоқ деп есептеймін. Керісінше, мемлекеттік рәміздерді жас ұрпақтың санасына сіңіру бағытында балабақшадан бастап колледжерде, мектептерде, ЖОО-ларда тәрбиелік бағыттағы жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек. Сонымен қатар БАҚ-тар мемлекеттік рәмізтануға бағытталған танымдық хабарлар болуы керек деп есептеймін, - деді мәжілісмен.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары