8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Астанада Қазақстан мен Қытай жастарын, энергетика саласының мамандарын, дипломаттарды және мәдениет қайраткерлерін біріктірген E-LIGHT 2026 халықаралық жастар форум-фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Халықаралық диалог күніне орай ұйымдастырылған іс-шарада энергетикалық ынтымақтастықпен қатар мәдени байланыстар мен жастар дипломатиясына ерекше назар аударылды.
Форумның ашылуында CNPC президенті Ли Шуфэн Қазақстан мен Қытай халықтарының достығы ғасырлар бойы қалыптасқанын атап өтті.
Бүгінгі іс-шарадағы барлық сессиялар жастар буынына, жаңа өзара іс-қимыл мен жаңа диалогтарға арналған. Энергетика саласындағы инновациялар арқылы біз «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында энергетика мен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты қалай бірлесіп дамытуға болатынын талқылаймыз, – деді ол.
Қазақстандағы Қытай елшілігінің кеңесші-уәкілі Чэн Кэфань да екі ел жастары арасындағы әріптестіктің болашағы зор екенін айтып, мәдени алмасудың маңызын атап өтті.
Өнер арқылы жалғасқан мәдени байланыс
Фестивальдің ерекшелігі – ресми жиындар мен салалық пікірталастардың мәдени бағдарламамен ұштасуы болды. Салтанатты ашылу рәсімінде қазақстандық және қытайлық өнерпаздар ұлттық шығармаларды орындап, қатысушыларды Жібек жолы өркениетінің ортақ мәдени кеңістігімен таныстырды.
Солардың бірі – Қытай музыканты Лю Хуэй. Ол қазақтың домбырасын кәсіби деңгейде меңгерген өнерпаздардың бірі.
12 жасымда консерваторияға оқуға түстім. Пипа аспабында оқыдым. Кейін екінші аспап ретінде домбыраны таңдадым. 13 жасымнан бастап домбырада ойнаймын. Екі аспап өте ұқсас. Мүмкін тарихи түбі бір шығар. Себебі пипа да, домбыра да Жібек жолы өркениетіне тиесілі. Пипа Қытайдың батыс өңірінен шыққан. Қазір домбыра аспабын үйретіп, шәкірт тәрбиелеп жүрмін. Қазақстан Президенті Қытайға іссапармен келген кезде менің шәкірттерім өнер көрсеткен, – дейді ол.
Музыканттың бұл пікірі мәдениеттер арасындағы байланыс тек мемлекетаралық деңгейде емес, өнер арқылы да жалғасып жатқанын көрсетеді. Қытайдың пипа аспабы мен қазақтың домбырасы әртүрлі дамығанымен, олардың тарихи бастаулары Ұлы Жібек жолы бойындағы мәдени ықпалдастық кезеңдерімен байланысты болуы мүмкін.
Фестивальде өнер көрсеткен тағы бір қатысушы – Қытайдағы қазақ Мәрзия Мүтәліп. Ол бүгінде Іле қазақ автономиялық облысындағы ән-би ансамблінің әртісі.
Хореография саласында еңбек етіп жүргеніме 21 жыл болды. Биді жеті жасымнан бастап оқыдым. Қазақтың ұлттық биін бала күнімнен көріп өстім. Сіздерге көрсеткен музыкалық нөмірді Қазақ ұлттық хореография академиясының бишілерімен үш апта ішінде дайындап шықтық, – дейді ол.
Бұл қойылым фестивальдің негізгі идеясын – мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен серіктестікті өнер тілі арқылы жеткізді.
Жібек жолының жаңа мазмұны
Сарапшылардың пікірінше, қазіргі Жібек жолы тек көлік дәлізі немесе экономикалық жоба ғана емес. Ол білім, технология және мәдениет алмасатын кеңістікке айналып келеді. Осы тұрғыдан алғанда E-LIGHT 2026 форумы энергетика тақырыбын жастар дипломатиясымен және мәдени байланыстармен ұштастырған ерекше алаң болды.
Мұнда қытай аспаптарымен, өзіміздің домбырамызбен күй тартылып, ән шырқалады. Жалпы бұл бір біріміздің мәдениетімізбен жақынырақ танысу мақсатында ұйымдастырылған форум. Мұнай, сауда сияқты салаларда достық қарым-қатынасты қалыптастыру. Ұйымдастырушылар әр мекемеден шақырылған. Әсіресе мұнай саласынан көп жас мамандар келді, – дейді «CNPC Ақтөбе мұнайгаз» компаниясының күрделі құрылыс инженері Абылай Санат.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі Жібек жолы тек көлік пен сауда бағыты ғана емес, мемлекеттер арасындағы тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналып келеді. Басқосуда энергетикалық қауіпсіздік, цифрландыру, инновация, кадр даярлау және халықаралық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Форумның басты ерекшелігі – 7 елдің жастары бір алаңда бірігіп отыр.
Форум соңында қатысушылар Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық және кәсіби байланыстарды нығайтуда жастардың рөлі арта түсетінін атап өтті. Өйткені болашақтағы серіктестіктің беріктігі бүгінгі жас буынның өзара түсіністігі мен ынтымақтастығына тікелей байланысты.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін