29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары
Аstana IT University-де экологиялық белсенділер мен конституциялық реформаларды түсіндіру және қолдау жөніндегі қалалық еріктілер штабының кездесуі өтті.
Модератор Birgemiz республикалық волонтерлік фронт офисінің үйлестірушісі Перизат Қайрат студенттерге Ата заңдағы өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз пікірін білдірді.
– Референдум арқылы Ата заңға өзгеріс енгізу біздің мемлекетіміздің тарихында алғаш рет өткелі отыр. Біз өз жерімізде жоғары деңгейдегі мемлекет құруымыз керек. Ата заңның ішінде 31 заңға өзгеріс енгелі жатыр. Еліміздегі жер байлықтарының иесі халық деп танылуы қуантатын жағдай. Біз Әділетті Қазақстан құру үшін ата-бабамыз аманат етіп қалдырған жерімізді келешек ұрпаққа жеткізу біздің азаматтық борышымыз. Мен референдумды қолдаймыз. Ерікті жастарды да референдумға қатысуға шақырамын, – деді Республикалық волонтерлер Фронт-офисі жобасының үйлестірушісі Айбек Аяпбергенұлы.
Қазақстан экологиялық ұйымдарының қауымдастығының мемлекеттік органдарымен жұмыс жөніндегі менеджері Әлішер Медетұлы жастарға өзінің референдумға не үшін баратындығы туралы айтты.
– Біздің дамуымыз үшін көптеген өзгерістер керек. Эколог ретінде қоршаған ортаның жағдайы мені қатты алаңдатады. Табиғи құндылықтарымызды, жануарлар мен жерімізді сақтауымыз керек. Бұл туралы Ата заңымызда да арнайы бап бар. Сондықтан жастарды 5 маусымдағы референдумға барып, жаңа Қазақстанды құруға шақырамын, –деді Әлішер Медетұлы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек