23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіМәжіліс депутаты Анас Баққожаев балаларды жастайынан ауыл шаруашылығымен таныстырудың маңызды екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәріміз КСРО-да тудық, кезінде балалар жыл сайын күздігүні ауыл шаруашылық жұмыстарына баратын. Олар шаруаның азық-түлікті өсірген кезде қандай маңдай тер төгетеніні сезінеді. Жарайды, қазір балаларға оның пайдасынан зияны көп. Бірақ санасына сіңіріп, көп нәрсені түсінетін. Халықаралық конвенцияға байланысты балалардың еңбегіне тыйым салдық. Бірақ қазіргі жастарды қараңызшы, ысырапшыл, далада картоп пен сәбіз жатса көтермейді, бас бұрмайды. Азық-түлікті бау-бақшада емес, дүкендерде өседі деп ойлайды, - дейді депутат.
Мәжілісмен балаларды театрға апарудан бөлек ауыл шаруашылығына да бейімдеу керегін атап өтті.
Осы мектеп оқушыларын, студенттерді ауыл шаруашылығына неге жұмылдырмаймыз? Еңбек етпей ақ қойсын, бірақ көрмелерге барып, кішкентай кезінен техниканың, малдың не екенін білсе, баланың сана-сезімі дамиды. Біз қашанғы осылай жүре береміз? Сіздер балаларды театрға апаруды міндеттеп қойыпсыздар. Әкімдіктер ақша бөліп, театрға апарады. Ал неге біз ауыл шаруашылығына апармаймыз?, - дейді Анас Баққожаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады