Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыРеспубликалық жастар ұйымдары Абай облысындағы орман өрттерінің салдарын жоюға өз үлестерін қосып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті.
Белгілі болғандай, республикалық жастар ұйымдарының өкілдері зардап шеккен аудандардың тұрғындары мен құтқарушыларға гуманитарлық көмек көрсету үшін Абай облысындағы елдімекендерге барған.
Қазақстан студенттер Альянсы өңірдегі өрттерді жоюмен күресіп жатқан азаматтарға көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. Сонымен қатар Успен, Озерка, Талица және Бородулиха ауылдарында 300 адамға арналған түскі ас ұйымдастырылды. Абай облысындағы зардап шеккен ауылдардың тұрғындарына қолдау жұмыстарына жастар ұйымдары белсенді түрде араласты, аймақтағы еріктілер штабы, жастар белсенділері де араласты.
Жастар ұйымдарының белсенділері мен волонтерлер Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің үйлестіруімен жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар