Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекҚазақстанда үшінші жыл қатарынан «Менің Елім – Менің Туым» акциясы өтіп жатыр, ол ҚР Мемлекеттік Туын насихаттауға бағытталған. Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері еліміз бойынша 10 мыңға жуық Туды ілуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Баршаға белгілі, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы декларация қабылданып, ол Тәуелсіздікке бастар маңызды алғашқы қадам болды.
Қысқа уақыт ішінде «Менің Елім – Менің Туым» акциясы дәстүрге айналып үлгерді. Біз Туды ілу арқылы тек патриотизмді көрсетіп қана қоймай, азаматтардың ортақ ұлттық құндылықтар төңірегіндегі бірлігін көрсеткіміз келеді. Мәселен, тек Астананың өзінде жергілікті әкімдіктің және «Астана жастары» орталығымен бірігіп қала ішінде жүздеген Қазақстан туын ілуді жоспарлап отырмыз, – деді «Жастар Рухы» басқармасының жетекшісі Інжу Байшүкенова.
Айта кету керек, акцияға тек жастар қанатының белсенділері ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да қатысуда. Олар Туды үйлеріне, қоғамдық орындарға ілуде, тіпті көліктерін де Тумен безендіруде. Кәсіпкерлер де шет қалмай, Мемлекеттік Туды дүкендеріне, мейрамханаларына, цехтары мен шаруа қожалықтарына орнатуда. Акцияға астаналық көпбалалы ана Наргиз Ернарқызы да қосылды.
Республика күні жақындап қалды, біз өз Мемлекеттік рәмізімізді мақтан тұтатамыз. 25 қазан – мен үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін маңызды тағдырлы мереке. Көптеген елдерде халық осылай өз Туын іліп, отанға құрметін білдіріп жатады, біз де осылайша Қазақстанда Мемлекеттік Туымызға, өз елімізге деген сүйіспеншілігімізді көрсете аламыз. Біз – біргеміз!, – деді ол.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес