22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАмал мерекесінде Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері Ақтау қаласындағы қарттар үйіне барып, егде жастағы жандарға мерекелік көңіл-күй сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Орталық мамандары өздерімен бірге жеміс-жидек толы себеттер мен сый-сияпаттар алып барып, қарияларға тарту жасады. Кездесу барысында олар үлкендермен емен-жарқын әңгімелесіп, ақ баталарын алды.
Қариялар – біздің алтын қазынамыз. Олардың өмірлік тәжірибесі, даналығы – жастарға үлгі. Бүгінгі игі шараның мақсаты – үлкендерді қуанышқа бөлеп, құрмет көрсету. Қарттарымыздың жүзіндегі жылылықты, көздеріндегі ризашылықты көру – біз үшін үлкен мәртебе, – деді орталық директоры Гүлмира Бурхандинова.
Қарттар да өз кезегінде жастарға ақ батасын беріп, еліміздің болашағы жарқын болсын деген тілектерін білдірді. Олар осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ниеттерін айтып, өздерін ескеріп келген жастарға алғыстарын жеткізді. Бұл кездесуде тек сыйлықтар емес, шынайы қамқорлық пен мейірім де тарту етілді.
Қариялар іс-шара барысында әңгімелесіп, көңілдерін сергітіп, ән айтып, емен-жарқын күліп, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Амал мерекесі – тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, бірлік пен ізгілікті дәріптейтін күн. Осындай қайырымды істер арқылы жастар үлкендерді құрметтеудің, қамқорлық танытудың маңыздылығын көрсетіп, ұлттық дәстүрдің жарқын үлгісін танытты.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев