Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы жылдық есептік кездесу өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, белсенді жастар, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Кездесу барысында «Қазақстан жастары – 2025» Ұлттық баяндамасы таныстырылды. Зерттеу жастар арасындағы урбанизация қарқынының, цифрлық құзыреттерге қызығушылықтың артуын, экономикалық мінез-құлықтың өзгеруін, сондай-ақ психологиялық әл-ауқат пен қауіпсіздік саласындағы жаңа сұраныстарды көрсетеді. 2025 жылғы басылым жеті тақырыптық блоктан тұрады.
Оның ішінде екі жаңа бағыт – «Қылмыс пен қауіпсіздік» және «Мемлекеттік жастар саясаты». Бұл бағыттар жастардың өзекті әрі сезімтал сұраныстарын неғұрлым дәл ескеруге және қолдау шараларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жылдың маңызды нәтижелерінің бірі – Жастардың даму индексі. Бұл – жастар жағдайын 32 көрсеткіш бойынша бақылауға арналған аналитикалық құрал. Индексті енгізу мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға кедергі келтіретін факторларды дер кезінде анықтауға және жастардың пікірін ескере отырып, олардың жағдайын жақсарту шараларын әзірлеуге бағытталған.
Кездесуде қатысушыларға «JASTAR.AI» виртуалды кеңесші чат-боты да таныстырылды. Ол жастарға мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратқа жедел әрі қолжетімді түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрал цифрлық түсіндіру жұмыстарының қолжетімділігін арттыруға және жастардың мемлекеттік институттармен тиімді өзара іс-қимылына ықпал етуге арналған.
Таныстырылымнан кейін сараптамалық талдау өтті. Ұлттық баяндама авторлары өз аналитикалық материалдарын ұсынып, зерттеу нәтижелерін талқылады және жастар саясатын әрі қарай дамыту перспективаларын белгіледі.
Іс-шара соңында сарапшылар мен жастар ұйымдарының өкілдері марапатталды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады