Жасөспірімдерге түнгі ауысымда жұмыс істеуге бола ма?

Жасөспірімдерге түнгі ауысымда жұмыс істеуге бола ма?

01.07.2026 14:10
Ажар Лаубаева
Фото: AI көмегімен жасалды

Жазғы демалыста көптеген оқушы қосымша табыс табу үшін жұмысқа орналасады. Әсіресе курьер, даяшы, сатушы немесе қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істейтін жасөспірімдер көбейеді. Алайда кәмелетке толмағандардың еңбек етуіне қатысты заңда нақты талаптар бар.

Кешкі сағат 22:00-ден кейін жұмыс істеуге болмайды

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті басшысының міндетін атқарушының орынбасары Талғат Умбетьяровтың айтуынша, 18 жасқа толмаған қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеуіне заңмен тыйым салынған.

Иә, бұған заң бойынша тыйым салынған. Яғни кешкі сағат 22:00-ден кейін кәмелетке толмағандардың жұмыс істеуіне болмайды. Сонымен қатар барлық тексерулер қызметкерлердің өтініші негізінде ғана жүргізіледі. Яғни олардың еңбек құқықтары бұзылған жағдайда ғана тексеру басталады, – деді Талғат Умбетьяров.

Оның айтуынша, 2026 жылы Алматы қаласы бойынша осы мәселеге қатысты еңбек инспекциясына ешқандай шағым түспеген.

Қай жастан бастап жұмыс істеуге болады?

Қазақстан заңнамасына сәйкес, жасөспірімдер 14 жастан бастап оқу уақытынан бос кезде жеңіл еңбекпен айналыса алады.

Заң бойынша:

14 жаста еңбек шартына ата-анасы немесе заңды өкілі бірге қол қоюы қажет. Ал 16 жастан бастап еңбек шартын жасөспірімнің өзі рәсімдей алады.

Қандай жұмыстарға тыйым салынған?

Кәмелетке толмағандарды:

Еңбек құқығы бұзылса не істеу керек?

Талғат Умбетьяровтың айтуынша, еңбек инспекциясы тек қызметкердің немесе оның заңды өкілінің шағымы негізінде ғана тексеру жүргізе алады.

Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру жүргізу үшін міндетті түрде негіз болуы керек. Яғни қызметкерлерден нақты заң бұзушылық фактілері бойынша шағым түсуі тиіс. Егер ондай шағым болмаса, бізде негізсіз тексеру жүргізуге құқық жоқ, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, жұмысқа орналасқан кезде еңбек шарты міндетті түрде ресми рәсімделуі тиіс. Сонда ғана жасөспірімнің еңбек құқығы заңмен қорғалып, еңбек өтілі есепке алынады.

Оқи отырыңыз