28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарЖасөспірімдер арасында түсік жасау саны азайып келеді, деп хабарлайды El.kz Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бюро таратқан мәліметке сүйенсек, егер 2018 жылы 15 жасқа дейінгі түсік жасатқан жасөспірімдер саны 27 болса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 15-ке дейін төмендеген. 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы түсік түсіру саны шамалы кеміп отыр, 2020 жылы 1122 жағдай болса, 2021 жылы – 1094-ті құраған.
Сонымен қатар жасөспірім қыздардың туу көрсеткіші жылдан жылға төмендеп келеді. 2021 жылы 15 пен 18 жас аралығындағы қыздар арасында бұл көрсеткіш 1000 қызға шаққанда 23,8 жағдайды құраған, 2015 жылмен салыстырғанда бұл 7,2 жағдайға аз.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары туу көрсеткіші Түркістан (36,3), Маңғыстау (36,2) және Жамбыл (34,3) облыстарында байқалады. Жасөспірімдер арасында ең төменгі туу көрсеткіші Алматы (11,5) мен Астана (12,8) қалаларында тіркеліп отыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?