2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрӘзербайжанда жасөспірім әкесін атып өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы APA агенттігі жазды.
Қылмыс отбасылық жанжал негізінде болған
Оқиға 2024 жылдың 17 желтоқсанында Сальян ауданына қарасты Ени Улуханлы ауылында тіркелген. Тергеу деректеріне сәйкес, отбасылық жанжал кезінде жасөспірім өз әкесін аңшы мылтығымен атып өлтіріп, қылмыстың ізін жасыру мақсатында денесін бөлшектеп, ауыл аумағындағы коллекторға тастаған.
Алғашында анасы кінәні өз мойнына алған
Қайғылы оқиғадан кейін, 2024 жылдың 19 желтоқсанында марқұм Роял Гусейновтың жоғалып кеткені туралы ресми арыз түскен. Оперативтік-іздестіру шаралары барысында оның бөлшектелген мәйіті табылған.
Бастапқыда оның жұбайы Матанат Гусейнова кінәні өз мойнына алып, баласын қорғауға тырысқан. Тергеудің бастапқы кезеңінде әйел адам күйеуін жанжал кезінде атып өлтіріп, кейін денесін жасыру үшін бөлшектегенін айтқан.
Шынайы қылмыскер анықталды
Алайда, жинақталған дәлелдер негізінде нақты қылмыскер – марқұмның ұлы тарапынан жасалғаны белгілі болды. Кейін ана босатылып, жасөспірім қамауға алынды.
Сот үкімі – 10 жыл бас бостандығынан айыру
Лянкяран қалалық ауыр қылмыстар жөніндегі соты (төрағасы Хаммед Нуриев) жасөспірімнің кінәсін дәлелденген деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Қылмыстық іс Әзірбайжан Республикасының Қылмыстық кодексінің 120.1-бабы (қасақана кісі өлтіру) бойынша қаралды. Айыптаушы тарап та дәл осы мерзімді талап еткен болатын.
Бұған дейін алаяқтық жасаған блогерге сот үкім кескенін жазған едік.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова