23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін (Master of public administration), Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған (Master of business administration).
Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы «Morgan Stanley» Инвестициялық банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.
Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2020–2022 жылдары Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
2022 цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
2022–2024 жылдары – Binance Kazakhstan бас менеджері.
Ал 2024 жылғы 6 мамырда ҚР президентінің жарлығымен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалған еді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік