Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыPew Research Center жүргізген халықаралық зерттеу нәтижесіне сәйкес, АҚШ пен Италия тұрғындарының 50%-ы жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының күнделікті өмірге енуіне байланысты көбірек алаңдаушылық танытады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл елдер 25 мемлекет арасынан ЖИ-дан ең көп үрейленетіндер қатарында көш бастап тұр.
ЖИ дамуына алаңдайтындардың қатары басқа елдерде де аз емес:
Австралияда – 49%,
Бразилияда – 48%,
Грекияда – 47%,
Канадада – 45%.
Ал ЖИ-дан ең аз қорқатындар – Оңтүстік Корея (16%) мен Үндістан (19%) тұрғындары.
Ең көп ынта мен үміт танытқандар – Израиль (29%), Оңтүстік Корея және Швеция (22%), сондай-ақ Нигерия (20%) азаматтары.
Жалпы алғанда, 25 ел бойынша сауалнамаға қатысқандардың:
Сонымен қатар Pew Research сарапшылары адамдардың ЖИ туралы хабардарлық деңгейін де анықтады:
Зерттеу 2025 жылдың наурыз айында 25 елде, соның ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Кения, Индонезия, Түркия және Мексикада жүргізіліп, 3605 адам қатысқан.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді