20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҮкімет отырысында ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер қорының қолжетімділігі бойынша бірыңғай тәсілдер әзірлеуге ерекше назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттардың дер кезінде беріліп, өзекті әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін деректерді жинау, сақтау және қорғау жұмыстарын регламенттеу тапсырылды.
Премьер-министр жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өте маңызды мәселе екенін атап өтті.
Дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесі және этикалық нормалар қамтылуға тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық шаралар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындар қолдаудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?