2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетіне қарасты «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жасанды интеллектіге негізделген «Tilqazyna қазақ тілін оқыту моделінің» алғашқы нәтижесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Модель қазіргі кезде қазақ тілінің лексика, морфология және семантика т.б салаларындағы, оның ішінде, қазақ тілінде мәтінді генерациялау, перифраз жасау, контекстпен жұмыс істеу, ықшамдау, сонымен қатар грамматикалық және пунктуациялық қателерді түзету, фразеологизмдердің мәнін ашу, терминдерді аудару сияқты тапсырмаларды орындай алады.
Бұл салалық LLM моделі бүгінде Hugging Face платформасына жүктелді. Яғни, ол барлық қолданушыға қолжетімді. Осы модельді қолдану арқылы жасанды интеллекті көмегімен жүзеге асырылатын көптеген қазақша IT өнімдер дайындауға болады. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында баса айтқанындай, “жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға” зор мүмкіндіктер береді.
Модельді жасау барысында «Тіл-Қазына» орталығы сарапшылары табиғи тілді өңдеу алгоритмдерін қолданып, үлкен көлемдегі деректерді мақсатты түрде өңдеді. Атап айтсақ,
Биыл модельге сөйлесу (дауыстық) функциясы қосылып, қолданушылар үшін ыңғайлы интерфейс әзірленеді. Сонымен қатар жоба A1, A2 және B1 деңгейлері бойынша тіл үйретуге қабілетті болса, 2026 жылы B2, C1 деңгейінде оқыта алады.
Жобаның соңғы нәтижесі ретінде кез келген тіл үйренушінің деңгейіне сай жеке оқыту бағдарламасын дайындап, үйретуге қабілетті дауыстық көмекші жасалады. Ол IOS және Android жүйелерінде жұмыс істейтін мобильді қосымша түрінде ұсынылады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова