28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарды. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.
Диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың км республикалық және шамамен 5 мың км жергілікті жолдар тексеріледі.
Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?