Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрВена қолданбалы өнер университеті – жасанды интеллектті студент ретінде қабылдаған әлемдегі алғашқы оқу орны болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Euronews мәліметінше, Flynn деп аталатын ЖИ университеттің цифрлық өнер бағдарламасына түсті және басқа студенттермен бірге дәрістерге қатысып, пікірталастарға араласып, бағаланып отырады.
"Жобаның мақсаты – өнер саласында адам мен ЖИ-дің бірлескен жұмыс істеу механизмін зерттеу", – делінген жарияланымда.
Flynn дәстүрлі қабылдау рәсімінен өткен. Әңгімелесу кезінде ол цифрлық өнердің шекарасын кеңейтуге және рационалды ойлауға қызығушылық танытқан. Университет өкілдері Flynn-нің студент атануына себеп – студент міндетті түрде адам болуы керек деген жазбаша талаптың болмауы екенін айтты.
Flynn 2025 жылдың күзінде ресми түрде толыққанды студент атанады. Алайда 2025 жылдың наурызынан бастап ол кейбір сабақтарға қатысып, топтастарымен бейімделу және байланыс орнату үдерісін бастап кеткен.
Flynn Claude Sonnet және Stable Diffusion тілдік модельдері негізінде жасалған, бұл оған IT саласында тәжірибесі жоқ студенттер мен оқытушылармен еркін сөйлесуге мүмкіндік береді. ЖИ күнделік жүргізе бастаған, онда ол өзін "нағыз емес" деп атағандарына ренішін білдірген.
Бұған дейін компьютерлік технологиялар саласындағы әлемдік деңгейдегі сарапшылардың бірі ЖИ ешқашан шынайы сананы иелене алмайтынын және жақын болашақта адам деңгейіндегі интеллектке жетуі екіталай екенін мәлімдеген болатын.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова