Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстан Орталық Азияда алғаш болып NVIDIA H200 негізіндегі суперкомпьютерлік кластерді іске қосты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев Baq.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеген еді. Министрдің айтуынша, Алматыдағы Tier III деңгейіндегі деректер орталығында орналасқан бұл суперкомпьютердің өнімділігі – 2 экзафлопсқа дейін (FP8).
Үлкен тілдік модельдерді (LLM) оқыту және қайта оқыту, eGov AI, Qazaq Law, AI E-otinish сияқты мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, сондай-ақ энергетика, денсаулық сақтау, құрылыс, көлік, өнеркәсіп сияқты салаларды цифрландыру, – деді Жаслан Мадиев.
Суперкомпьютер ресурстары Ұлттық жасанды интеллект платформасы (НПИИ) арқылы беріледі. Ол мемлекеттік органдарға, университеттерге, стартаптар мен ІТ-компанияларға ортақ қолжетімді болады.
Мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту бағдарламасы басталды, қазіргі таңда 2000-ға жуық маман дайындықтан өткен. Жақын күндері суперкомпьютер платформамен толық интеграцияланып, кең ауқымды қолданушыларға қолжетімді болады.
Бұл жоба NVIDIA мен Presight (G42) компанияларымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Арнайы жеңілдіктер мен салықтық преференциялар (ҚҚС және кедендік бажсыз жеткізу) инфрақұрылымды тездетіп орнатуға мүмкіндік берген. Министрдің сөзінше, бұл Қазақстанды ІТ-компаниялар үшін тартымды етіп, 2029 жылға дейін ІИ-шешімдер экспортын $5 млрд-қа дейін арттыруға жол ашады.
Бүгін Астанада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылған болатын.
Кеше, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды