6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерNature Communications журналында AMARANTH атты ірі клиникалық зерттеудің деректеріне жасалған қайталама талдаудың нәтижелері жарияланды.
Бұл зерттеуде миға жиналатын β-амилоид деңгейін төмендететін ланабесестат препараты сыналған болатын. Алайда бастапқы нәтижелер көңіл көншітпеді: когнитивті функцияларда ешқандай жақсарулар байқалмағандықтан, жоба сәтсіз деп танылған еді.
Алайда халықаралық зерттеушілер тобы осы деректерге жасанды интеллект негізіндегі жаңа болжамдық модельді (PPM) қолдану арқылы мүлде жаңа нәтижелерге қол жеткізді. Бұл модель пациенттің бастапқы деректерін - МРТ нәтижелерін, генетикалық маркерлерді, β-амилоид деңгейін және есте сақтау қабілетін бағалайтын тест нәтижелерін талдай отырып, әрбір адамда Альцгеймер ауруының даму қарқынын болжайды.
Осы әдістің арқасында қатысушылар нейродегенерацияның «баяу» және «тез» дамитын топтарына бөлінді.
Қайта жүргізілген талдау нәтижесінде, ауруы баяу дамитын топта ланабесестатты тәулігіне 50 мг дозада қабылдаған пациенттердің когнитивті нашарлауы плацебомен салыстырғанда 46 пайызға бәсеңдегені анықталды. Ал ауруы жылдам дамитын топта мұндай оң нәтиже байқалмады.
Сонымен қатар, ИИ технологиясының көмегімен клиникалық зерттеулерге қажет қатысушылар саны едәуір қысқаратыны белгілі болды. Бұл болашақта сынақтарды арзандатып, жеделдетуге мүмкіндік береді.
Зерттеушілер жасанды интеллектті клиникалық зерттеулерге енгізу Альцгеймер ауруын емдеудің тиімді әдістерін табуға елеулі серпін беретініне сенімді.
Айта кетейік, бұған дейін жүргізілген басқа бір зерттеу нәтижесінде аптасына кемінде екі жұмыртқа тұтынатын адамдарда Альцгеймер ауруының даму қаупі 47 пайызға төмен болатыны анықталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі