6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖас қаламгерлерге жақсы жаңалық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов биыл тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындарға президенттік арнаулы әдеби сыйлық берілетінін айтты.
Ведомство басшысының мәліметінше, лауреаттар төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Жеңімпаздарға қаржылай сыйақы да қарастырылған.
Әр номинация жеңімпазына 4 млн теңге сыйақы және «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом және төсбелгі беріледі. Әдеби сыйлық жас қаламгерлерді қолдауға, қазақ әдебиетінің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған, - деді министр.
Өтінімді қабылдау бір айға жалғасады. Сонымен қатар былтыр басталған, жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына биыл да өтінім қабылдау жүріп жатыр.
Министр жас қаламгерлер саланы коммерцияландыру туралы ұсыныс жасағанын айтты.
Жас қаламгерлер саланы коммерцияландыру және елде толыққанды әдеби нарық құру, авторлық құқықты қорғау, әдеби конкурстардағы шығармаларды бағалау үшін әдеби редакторлар мен сарапшылар санын көбейту, жас жазушылар мен ақындар форумының жұмысын жандандыру сынды маңызды ұсыныс-пікірлерін бөлісті, - дейді Оралов.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі