Жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы сыйлық тағайындалады

17 Тамыз 2022, 00:21 1956

Бұл туралы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

2023 жылдан бастап 18-29 жас аралығындағы жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады, деп хабарлайды El.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы тұрғындарымен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

– Біз "Жаңа қазақ әдебиеті" атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен жаңа идеяларын қолдайды, - деді Дәурен Абаев.

Одан бөлек, мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайтын "Айбоз" тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінім қабылданып жатыр.

– Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз, - деді министр.

Бөлісу: