1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының қолөнершілері Бурабай кентіндегі балдәурендіктерге арнап шеберлік сабағын ұйымдастырды.
Бурабай кентінде орналасқан «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында жас суретшілер, дизайнерлер, сәулетшілер және фотографтар арасындағы облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздарының басын біріктірген «Шеберлер қалашығы» атты сәндік-қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері фестивалі өтті.
Аталмыш іс-шараға балдәурендіктерге арнап шеберлік сабағын өткізу үшін Ақмола облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы сәндік-қолданбалы өнер шеберлері одағының қолөнершілері шақыртылды.
Балаларды шебер Гүлнар Асқапованың жұқа киізден бұйым жасауы қызықтырса, «Қоғамдық келісім» КММ-нің халықтық-қолданбалы өнер және қоғамдық құрылымдармен жұмыс бойынша маманы Алтынай Күлжанова «Сырмақ» кілем төсенішінде қолданылатын қазақ ою-өрнегін жасау туралы презентация жасады.
Оқушылар ҚХАА жанындағы СҚӨ шеберлері Одағы мүшлерінің шеберлік сабақтарына белсенді қатысып қана қоймай, «Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы жобасының авторы, атақты британ сәулетшісі Норман Фостер неліктен пирамида пішінін таңдады?», - сынды сұрақтар қойып, кәсіби шеберлерден жауап алды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?