Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтөбе облысы Қарғалы ауданы Бадамша ауылында жас спортшылар көптен күткен кешен пайдалануға берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Нұрлан Өнербаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде спорттың өскелең ұрпақтың денсаулығы мен тұлғалық дамуына тигізер маңызын ерекше атап өтіп, жаңа спорт кешенінің аудан жастарының жетістіктеріне жол ашатындығына сенім білдірді.
Ашылу рәсімі аясында 2024 жылды қорытындылауға арналған шағын футболдан жастар арасында аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге ауданның ең үздік командалары қатысып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті. Сондай-ақ, спорттық жарыстар мен турнирлер барысында ауданның жас спортшылары өз шеберліктерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, спорт кешені заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда 9 секция жұмыс істейді: бокс, волейбол, футбол, дзюдо, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика.
Айта кетсек, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы 2018 жылы басталған болатын. Алайда бірінші мердігер жосықсыз деп танылып, онымен арадағы келісімшарт бұзылған.
Қарғалы ауданына алғашқы жұмыс сапарында облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысанға бас сұғып, жаңа мердігерді анықтауды, құрылысты сапалы әрі уақыты аяқтауды тапсырыс берушіге міндеттеген еді.
2023 жылдың соңында жаңа мердігер ретінде «Baspana Build» ЖШС анықталып, ол кешен құрылысын аяқтауға уәде берді. Компания спорт нысанының қалған құрылысына 126 млн теңге жұмсады.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?