Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекЭль-Айн (БАӘ) қаласында мәресіне жеткен Азия чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Марк Смирнов 12 жасқа дейінгілер арасында соңғы турға дейін көш бастап тұрды.
Тек соңғы бәсекеде ғана есе жіберген М.Смирнов қосымша көрсеткіштер бойынша екінші орынға ие болды.
Эдгар Мамедов алтын үшін соңына дейін айқасты. Оған да жарты ұпай жетпей қалды. Тағы бір күміс медаль қоржынға түсті.
Дәл осындай жағдай 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында болды. Жарты ұпай кем жинаған Сәтбек Ахмединовқа қола жүлде бұйырды.
Милана Филиппова 8 жасқа дейінгілер арасында үздік үштікке ілікті. Ол алдымен өзінің әкесі – ҚР балалар-жасөспірімдер құрамасының бапкерін қуантты.
Сондай-ақ 12 жасқа дейінгілер арасында Маша Холявко жақсы ойнады. Тек 8-турда болашақ чемпионға ғана жол берген ол тағы бір қоланы қанағат тұтты.
Әлихан Дәулетке 14 жасқа дейінгілер арасында сәттілік жетіспеді. Соңғы үш ойында жеңіске жеткенімен, ол 4-орында қалып қойды. Сол секілді Әлихан Назарбек (8 жасқа дейінгілер), Елсұлтан Қалиахмет (12), Иманғали Ақылбай (16), Алана Берікқызы (10) және Елназ Қалиахмет (18 жасқа дейінгілер) жүлдеге қол созым жетпей тоқтады.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес