Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығы "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясының тәрбиеленушілері Өзбекстан астанасында өткен "I Love Tu danse" халықаралық байқауында еліміздің абыройын асырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар, әсіресе жас әртістер үшін сәтті болды. Өнерлі ұжым бас жүлде — Гран-при, сондай-ақ 7-13 жас аралығындағы "Үздік халық биі" номинациясында бірінші орынды жеңіп алды.
Бұл біздің ұжымның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Балалар Ташкенттегі жарыстан ерекше бір шабыт алды. Мұндай байқаулар біздің жас өнерпаздар үшін тәжірибе алаңы ғана емес, шығармашылық даму үшін де жаңа көкжиектер ашады, — деп атап өтті студияның көркемдік жетекшісі, 3-сыныпты сержант Альмира Асылбекова.
Халықаралық байқауға барлығы 36 шығармашылық ұжым қатысты. "Жас сарбаз" балалар шығармашылық студиясы 2022 жылы Қорғаныс министрінің бастамасымен құрылғанын айта кету керек. Қазір 200-ге жуық бала хореография, актерлік шеберлік, вокал және домбыра үйірмелеріне қатысады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?