6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКөкшетауда еліміз бойынша жиналған командалары арасында ең үздік құтқарушылар жасағы атағы үшін сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстың бірінші күні қатысушылар «Визит карточкасы» байқауына қатысып, өздері туралы айтты. Сонымен қатар «Өрт эстафетасы» - кедергілері бар командалық жарыс өтті, онда эстафеталық таяқшаның рөлін өрт оқпанының элементі атқарады.
Слеттің екінші күні «Газет-билборд» байқауынан басталды. Мұнда балалар өздерінің көркемдік дағдыларын суреттерді орындау арқылы көрсету қажет болды. Онда басты бағыт – өрт сөндіруші мамандығы. Жас құтқарушылар «Алғашқы көмек көрсету» байқауында зардап шеккендерге көрсетілген алғашқы көмекті көрсетті.
Республикалық слеттің екінші күнінің соңында төрт байқаудан кейін көшбасшылар үштігіне мына командалар кірген. Слет иелері -ақмолалық балалар ең көп балл жинады. Одан кейін Жетісу облысының жас құтқарушылары, қарағандылықтар мен Астана өкілдері үшінші орынды иеленді. Алайда алда ең қиын конкурстардың бірі – «Техногендік авария аймағындағы авариялық-құтқару жұмыстары» (жауынгерлік қанат жаю), су кедергісінен өту және «су айдынындағы құтқару жұмыстары» бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі