30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыШвеция Корольдігінің Гётеборг қаласында өткен Х Еуропалық физика олимпиадасы өз мәресіне жетті. Беделді халықаралық білім бәйгесіне әлемнің 41 елінен 200-ден астам оқушы қатысып, физика пәні бойынша білімі мен тәжірибелік дағдыларын сынады.
Қазақстан құрамасы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына 3 күміс және 1 қола медаль салды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.
Күміс медаль иегерлері:
Ал Алматы қаласындағы NURORDA мектебінің 10-сынып оқушысы Жоламан Абылайхан қола медаль жеңіп алды.
Ұлттық құраманың халықаралық олимпиадаға қатысуын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы Бекмырза Бейсенов пен халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегері Темірлан Исмағұлов үйлестірді.
Еуропалық физика олимпиадасы – физика пәнінен дарынды оқушылардың теориялық дайындығы мен эксперименттік қабілеттерін бағалайтын ең беделді халықаралық жарыстардың бірі. Қазақстандық оқушылардың кезекті жетістігі еліміздің халықаралық білім кеңістігіндегі беделін арттырып қана қоймай, жас физиктердің дайындық деңгейінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды