Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыДарынды жас домбырашылар Атырау-Астана бағытындағы №47 пойызда жанды дауыспен өлең орындап, нағыз концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақын Қадыр Мырза Әлі сөзіне жазылған «Нағыз қазақ осы міне таңып қой» әнін шырқаған балалар жолаушылардың патриоттық сезімін оятып, ерекше атмосфера сыйлады.
Рухты өлеңді естіген пойыз жолаушылары балаларды қолдап, сәттілік тіледі.
Белгілі болғандай, мереке күндері балалар Астана қаласына музыкалық жарысқа қатысуға жолға шыққан.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының пойыздарында әртістер жиі жол жүріп, музыкалық жарыстарға дайындық жұмыстарын жүргізу барысында, жолаушыларды өздерінің ерекше өнерлерімен тәнті етеді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар