Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары«Қарақат» музыка мектебінің дарынды жас домбырашылар Алматы-Өскемен бағыты бойынша жүретін пойызда Парижде өтіп жатқан Олимпиададағы еліміздің спортшыларының алғашқы жеңістеріне арнап, концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚТЖ мәліметінше, жас өнерпаздар №351 пойызының жолаушыларын өз өнерлерімен тәнті етіп, ерекше атмосфера сыйлады.
Домбырашылар белгілі қазақ композиторы Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. Белгілі болғандай, балалар Алматыға Өскеменде өткен музыкалық сайыстан жеңіспен үйлеріне қайтып жатқан. Перронда балаларды туыстары мен жақындары күтіп алып, жеңістерімен шын жүректен құттықтады.
Айта кетейік, Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында хабарландыру жүйесі арқылы Олимпиадада медаль жеңіп алған спортшылардың есімдері айтылды. Жолаушылар бұл жаңалықты қуана естіп, спортшыларды қолдап, өз отандастарына мақтаныштарын білдірді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар