13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023-2025 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалым – постдокторанттардың іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде мәлім етті, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Конкурстық құжаттамаға сәйкес өтінімдер ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша қабылданады:
– Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
– Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
– Энергетика және машина жасау;
– Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
– Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
– Өмір және денсаулық туралы ғылым;
– Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
– Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
– Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 31 қазанға дейін https://is.ncste.kz сайтында жүргізіледі.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды