Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Көкшетауда өткен «Көкшетау шамдары» жартылай марафонынан кейін 35 жастағы қатысушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, қашықтықтың 4-ші шақырымында қатысушы әйел өзін жайсыз сезініп, жарысты тоқтатуға мәжбүр болған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері бірер минутта жеткен.
Марафоншы көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда ол ауруханада көз жұмды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасындағылар жарысқа тіркелу кезінде барлық қатысушы өз денсаулығына жауапты екендігі және қатысуға дайын екендігі жөнінде қолхатқа қол қоятынын атап өтті. Марафон бағыты бойынша медициналық бригадалар кезекшілік атқарған, ал іс-шараның өткізілу сызбасы жедел жәрдем және полиция қызметтерімен келісілген.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын атап өтті.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары