29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары«ҚТЖ» АҚ арқылы 2024 жылғы қыркүйек пен 2025 жылғы наурыздың 10 күні аралығында 7,7 млн тонна дәнді дақыл тасымалданды, оның ішінде 1,6 млн тоннасы ел ішінде, ал 6,1 млн тоннасы экспортқа жөнелтілді. Экспорт көлемі 52,8%-ға артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ мәліметінше, Өзбекстанға 2,3 млн тонна жөнелтіліп, 2023/2024 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 32%-ға өсті.
Тәжікстанға – 899 мың тонна (+50%), Ауғанстанға – 256 мың тонна (+37,6%), ал Қырғызстанға жеткізілімдер 1,7 есеге артып, 76 мың тоннадан 233 мың тоннаға жетті. Иранға жөнелтілімдер 17,5 есеге артып, 718 мың тоннаны, Әзербайжанға – 94,7 есеге артып, 379 мың тоннаны құрады, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 10,6 млн тонна дәнді дақыл тасымалданды, оның ішінде 2,5 млн тоннасы ел ішінде, 8,1 млн тоннасы экспортқа шығарылды. Сондай-ақ 3,2 млн тонна ұн тасымалданды, оның ішінде 817 мың тоннасы Қазақстан ішінде, ал 2,4 млн тоннасы экспортқа шығарылып, 3%-ға өсті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек