23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіТаяуда Петропавлда 25 метрлік құлама жардан байқаусызда құлап кеткен бойжеткенді полиция қызметкері құтқарып қалды. Бұл туралы СҚО Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Абырой болғанда, биік жардан құлап кеткен бойжеткен бір бұтаға ілініп, аман қалған. «20 метрге дейін төмен құлдилаған қыздың «құтқарыңдар!» деген даусын ешкімге естімеген. Оның сөмкесі суға түсіп кеткенімен, телефоны қалтасында қалған екен. Бойжеткен дереу «102» нөмірін теріпті. Хабар жеткен бойда сол маңда кезекшілікте жүрген жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көмекке келген» дейді СҚО Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметкерлері.
Өзен жағасына жеткен полиция қызметкерлері құлаған қызды бірден байқай қоймапты. Жағада жатқан әйел сөмкесін көргенде ғана полиция сержанты Юлий Данильченко суға қарай сәл төмен түсіп, бұтаға ілініп тұрған бойжеткенді көреді. Юлий дереу Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласып, жағдайды баяндайды. Артынша ол жерде жатқан сөмкенің бауымен қызды жоғары қарай тартады. Оларға жартастың төбесіне шығуына полиция старшинасы Берік Қойшыбаев көмектеседі.
Бүгінде жардан құлап кеткен қыз дін-аман. Полиция қызметкерлеріне шексіз алғысын жаудырған ару өзінің аты-жөнін атамауды жөн көріпті. Ал, полиция сержанты Юлий Данильченко жақында СҚО Ішкі істер басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Роза СЕКСЕНБАЙҚЫЗЫ
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады